Бір мәрте, бір рет. ~ Қыз пәлендей тілге келіп жатпастан шал сілтеген бағытқа жөнеле беріп, артына бір қарап алды да шоқаң етіп бұта түбіне отыра кетті, сосын кешікпей қайта тұрып, тағы да бір дүркін шалға көз қиығын тастады. Қ.Ысқ. ~ Жаңағы Валяны теуіп жіберетін неміс қайтадан ауыз гармонын ойнай бастап еді, ұрысқақ Мусяны көріп неге мәз болғанын құдай білсін, гармонын аузынан жұлып алып, қарқылдап тұрып күлді де, бауырындағы автоматын сыңар қолымен көтеріп, Мусяға қарай дыр еткізіп бір дүркін атып жіберді. Т.Ахт.
