Posted in

БІР ЕМЕС, ЕКІ ЕМЕС

Қайта-қайта қайталанған көрініс туралы; бірнеше мәрте. ~ Әй, осы неге былшылдай бересіңдер, бір емес, екі емес. Мен жайып жүрген қойды сен де бағып жүрсің. аузыңды қу шөппен сүртесің де отырасың. Т.Әбд. ~ Өзің, өзің мінген арық атың айнала берсе, айнала берсе, бас айнымай қайтеді. Бір емес, екі емес, жүз рет, мың рет, бас айналайын дегенде ұмытып қаласың … Ш.Мұр. ~ Жұрттың көбі жасырып айтқаныңды қайдам, асырып айтқаныңа кәдімгідей сенеді. Дұрысы, өзін сендіреді. Бір емес, екі емес, күніне әлденеше мәрте мақтай берген соң сезімнен сергектік қашады, ұятты ұйқы басады. И.Сап.~ Сыртымнан біреулердің аңдып жүрмесіне кім кепіл. Өзгелердің алдын орап кетуім бұл бір емес, екі емес. Жетер! Қ.Жиен. ~ Бала, дегенмен байқа! —деді бір уақытта. — Бір емес, екі емес, алдымнан кес– кестеп шыға бердің. Есіңде болсын, мен жолымды кескен адамды ұнатпаймын… Қ.Жұм.