Posted in

БІР ЕМЕС, ЕКІ ӨЛДІ

Өлгеннен жаман қорлық көрді. ~ Қарагөз. Жоқ жаным… Атама оны!.. Сен ертең мені ұзатқан жерге келесің. Тіпті мені барар жеріме де апарып саласың. Әйтпесе бір емес, екі өлгенім… М.Әу. ~ Әбдінің әкесі мен шешесі бір өлмеді, екі өлді. Баласынан қаралы қағаз келгеннен гөрі мынау ауыр соқты. Жұрт «қайтеді, ақыры баталарын беріпті» десті. К.Қаз. ~ Мен де, Ольга да құлап қалған балаға тұра жүгірдік. Оны жерден тұрғызып бетіне қарадық. Бала Советтің аузынан түсіп қалғандай, айнымайды. Міне, шырағым, біз бір өлмедік, сөйтіп екі өлдік. Б.Қыд. ~ Ш ы н а с ы л Қандай сұмдық іс көрдім, Бір өлмедім екі өлдім… Қуарған дүние, неңді алдым? Бар қорлыққа мен көндім… М.Әу.