Posted in

БІР ЖАСАДЫ (ЖАСАП ҚАЛДЫ)

Қуанып, көңіл көтеріп, рахатқа батқандай сергіп қалды. ~ Қолдарына әдемі қарындаш, дәптер тиген соң балалар жайнаңдап, бір жасап қалды. Бірі артық, бірі кем емес. С.Ом. ~ Көңілі жарымжан боп, өзін далаға тастаған шіріген жұмыртқаға балап, қайғы жұтып жүрген Ақбөпе бүкіл үй іші көшіп келгендей қуанып, бір жасады. С.Жүн. ~ Охо, Әсел бәріміз «Ақ серек, көк серек», «төрт тас», «қуаласпақ», «қашпа доп» секілді неше түрлі ойын ойнап, бір жасап қалдық. Қ.Әбілх. ~ – Бәсе деймін– ау, мен ойлаған, менің қиялымдағы Демежан осындай болса керек еді! Ақын қиялы алдамаған екен… Арыстан сынды ағамызға құшағым толып, бір жасап қалдым– ау! — деп алғашқы әсерін ірікпей айтып салды. Қ.Жұм.