Ашуыңды бас, сабаңа түс, қызбаланба. ~ Қой енді, көкесі! Бір жолға ашуыңды маған бер. Машина деген темір емес пе? Сол темір үшін бауырыңның көңілін қарайтпа. Соқталдай жігітті төмен етек әйелдердің алдында сабап, сағын сындырма! Біз көрмесек етті! Ә.Тар. ~ Қасында таяу тұрған Тыныбай да солай ойласа керек. – Үкірдай, есіңізді жиыңыз! Осы пәленің қанына ортақ болып қайтесіз… Маған қишы бір жолғы ашуыңды! — деп араша тілегендей көлденеңдей берді. Қ.Жұм.
