Бір кезде, сәлден кейін. ~ Бауыздаған малша қырылдап, жаны шықпай біраз тыпырлады. Содан кейін атыс тоқтады. Мен әлі тірімін. Бір заматта үзенгі бауын салдырлатып, бір салдат бас жағыма келіп атынан түсті. Мылтығын сытырлатып оқтап атқалы жатыр. Мен жабысып жерге кіріп барам. Б.Нұр. ~ Бір заматта таяқ тастам жерде қараңдап келе жатқан бір адамның нобайы көрінді. Оң жағымда етпетінен жатқан Елемес құлағыма аузын тақап: − Дәу де болса анау келе жатқан Жәми шығар,- деді. С.Ом. ~ Темір айыр дөп тисе керек, бір кезде қызыл қауақ қақ бөлінді. Қауақтың ауыз жағы ит мойнында кетті. Сол бір замат қою айранға малынған иттің ала-құла тұмсығы көрінді. Т.Бер.
