Ақыры жақсылыққа апармайды. * Неколайдан күшті «құдірет» те табылар: жазықсыз елді шулатып, зарлатса, оған да бір зауал болар деген жұбанышпен жатып, көзі ұйқыға кетті. Ж.Айм. * Қой, бұлай болмас. Елді қан қақсатқан Неколайға да зауал болып еді. Күштілерге де бір зауал болар. Бірақ қашан болады? Ж.Айм. * Христиандар шошынып маңдайы мен кеудесін оңды-солды шұқылап шоқынды; мұсылман «Астағфираллаһ» деп аһ ұрып жағасын ұстаған. «Мынаған бір зауал болар!» дескен. Т.Сәу. * Жауапсыз кетпес қиянат. Мұның да бір зауалы болар. Қанша арыстан болсаң да айға шауып, асқақтама, қолбасы. С.Дос.
