Той-томалаққа, ерекше жағдайларда киетін тәуір киімі. ~ Қайыр сұрап, салмақ салып, ел үстінен күн көріп жүретін бейшара да жан емес, бір киері қай уақытта да бүп-бүтін, тап- таза, көңілі тоқ, ниеті ақ, күпіршілігінен шүкіршілігі мол адам еді ол. Д.Әш. ~ Бір киер киім-кешек, көрпе-төсегіміз, қазан-табағымыздан өзгенің бәрі осы, жігіттер! Үйге кіріп көріңіздер!— деп Айтжановқа есік ашып ізет қылды. С.Елу. ~ Әлгі аталған бағалы киімдерді рызығым таусылып, демім біткен күні сүйегіме түскендер алсын дейді. Сол үшін де шаң жуытпай қорып, көзінің қарашығындай сақтайды. Өліп жатып, өлігіне жиналған жұрттан: – Е, бейшара-ай! Бір киер бүтін киімі де жоқ екен-ау! – деген аяныш сөз естігісі келмейді. Б.Соқ.
