Posted in

БІР ҚОЛЫН ЕКІ (ЕКЕУ) ЕТЕ АЛМАДЫ

Жұмыстарын бітіруге үлгіре алмай, жанталасты, әуре-сарсаңға түсті. ~ Роза көз ұшында бұлдырап көрінген қыстауға қарай келе жатқан. Ауылдан алты-жеті шақырым. Күзгі қарбалас басталып, совхоздың бір қолын екі ете алмай жанталасып жатқан кезі. Т.Сәу. ~ Б а ғ и л а. Құдай-ай осы, кісі бір қолын екі ете алмай жатқанда сен де әміріңді бересің де жатасың. Қыл қимылдату деген жоқ-ау сенде. Жұрттың еркегі адам сияқты. Үйдің шаруасы десе елпілдеп тұрады. Т.Ахт.~ Қой, қарағым, бiр қолымды екi ете алмай жүргенде сенiң үшкөлiңе барып, жұмысiстейтiн жағдайым жоқ. Б.Алд. * Сұраса басқарма тұрғай, ферма меңгерушісі Ықсан да өгіз-арба жағынан жәрдем етер еді; сондық колхоз алдында да еңбегі барын біледі. Әйтсе де бір қолын екі ете алмай жатқанда тілемсектене аяғына оралуды ар көрді. М.Сүн. ~ «Мен сияқты алтын басты маман далада жатқан жоқ. Бір қолын екі ете алмай отырған Үкімет ертең өзі-ақ «қайдасың, көке!» деп іздеу салар. Т.Сәу. ~ Бұл шіркін де бір қолын екеу қыла алмай, жанын жалдап, титығы құрып жүр екен. Соны көре тұрып, қол үшін неге жалғамаймын. С.См.