Көзден таса, назардан тыс, көңілден аулақ жер. * Іштен келген жау дейін десе, бұл ауылдың бозбала-жігіттері қызға аш бөрідей қапылыста бас салмақ түгілі, бетіне тіктеп қарай алатын ба еді… Елшіекеңнің екпіні-ақ оларды бір қуысқа тықпай ма. Ш.Құм. * Аспан тұнжыр, жел үні бір сембейді, кез келген бір қуысқа кірсең дейді. Алба-жұлба өңірін қаусыра алмай ыққа айналып бұталар бүрсеңдейді. Ж.Нәж. Содан кейін тығылып бір қуысқа, Шөлім бастым, толтырып жырды уысқа. Шырақ аман. Қалды артта ауыр сыным, Саусағымда сыңсиды қауырсыным. С.Нұрж.
