Posted in

БІР ҚҰДАЙ БІЛЕДІ (БІЛСІН)

Не нәрсенің де шындық-өтірігі Аллаға мәлім. ~ Қашан келіп, қашан үйренісе бастағанын бір құдай біледі. Әлгі неме түлкінің баласындай боп ыржиып күледі. Д.Дос. ~ Оқу жағы онша қонбаған, басқа жағы да шикілі–пісілі бірдеңе еді, ненің құдіреті екенін бір құдай біледі, шаруа қожалығын құрып, жер жекешелендіріп, байып алыпты. Н.Дәу. ~ Менің бұдан бұрынғы тірлігім қолдан–қолға өту болды. Бұрын ғой әркімге бала болып өткен едім. Енді Шөкеден айырылған тірлігім қанша адамға әйел болып өтерімді бір құдай білсін. Б.Жұм. ~ Қаншасы рас, қаншасы дақпырт – бір Құдайға аян. Т.Сәу. ~ Шындығында да бір кездері әкесі айтқан «батырға ажал бірін-бірі аямай шабысқан қан майданда келе ме, әлде бейбіт күндегі бір әумесердің қолынан келе ме, ол саған емес, бір құдайға аян»- деген сөзінің растығына талай рет көзі жетті. О.Көш.