Қатты қобалжыды, ұялды; бойын сезім екіұдай биледі. ~ Молдаш бір қызарып, бір сұрланып, үндемей тұрып қалды. Бір-екі жылдан бері Әжігерей мырза Молдашты жолдас қып, осы топқа істемегені бар ма? Б.Майл. ~ Ол қызбен көшеде қарсы ұшырасып қалса, бір қызарып, бір сұрланады. Махаббат па? Қып-қызыл махаббат! М.Қаб. ~ Жамалдың жүзі бір қызарып, бір бозарды. Әлденеге түсінгендей. Басын изеді. Ә.Кек. ~ Тек Меңтай ғана сыр бермеуге тырысып, ернін тістеп, бір қызарып, бір бозарып, қолынын ұшын ғана берді де, үнсіз қалды. Ә.Нұрп.
