Айтқанынан қайтпайтын, қайсар, бір біткей. ~ Тықпа сақал, бір мойын жаман Мұсабай «Бозінген» бірдеңе айтса «Іңга» дей алмайтын. Ж.Айм. ~ Өзінің сөзге тоқтауы жоқ па қалай?! Жеңілгенін білмейтін бір мойын білем. Арақ ішсе не? Ішсін… Ақылын ішуге бола ма екен?! М.Сүн. ~ Әкпар екі иінінен ауыр дем алып ыс-ыс етеді. Көмекші шопан, реті, ойға алған ісіне бар ынты-шынтымен берілетін бір мойын жан сияқты. М.Қаб. ~ Меңтай арқасынан әлде бір ауыр жүк түскендей, ішіне сыймай жүрген осы бір мойындау сөзін Сәлима емес, бейне бір езі айтқандай боп, масайрап, рақаттанып қалды. Ә.Нұрш.
