Адамгершілік болмысы, парасат-парқы басқалардан жоғары адам туралы. ~ Мынау отырған Қожабек өз күнінде кімнен кем еді? Досы түгіл қасы да кісілігін аттап кете алмайтын. Белі бүгілмесе-ақ, басы иілмесе-ақ деген, қу тірліктен бір мойын биік азамат емес пе! Т.Әбд. ~ Бірінде жұмыр басты пенде атаулының күйкі тіршілігі бейнеленсе, бірінде пенделіктен бір мойын озық жаратылған азаматтың биік мұраты шымыр суреттеледі. Р.Нияз. ~ Бір кездері әлеуметтік-экономикалық дамуымен қатар, ғылым-білім, мәдениет пен спорт салаларында да Алғаның бірқатар аудандардан бір мойын озық болғаны рас. БАҚ (www.aktobegazeti.kz) ~ Пенделiктен бiр мойын озық жаратылған Ел-ағаның қасиетi, мiне, осындай тектiлiгiнде жатыр… Д.Ізтілеу. (Turkystan.kz)
