Көзін бір жерден алмай, мелшие қалды. ~ Хатты оқып болғанда, Мәметтің қыли көзі Алатаудың басындағы қарындай жылтылдап, әлденелер есіне түсті, түктеліп келе жатқан еріні ақырын мұңайып, жымиғандай болды. Көздері бір нүктеге қадала қарады. Ж.Айм. ~ Сосын тамақ түймесін ағытып, ойсоқты кісіше екі көзі бір нүктеге қадалып, көптен ұстара көрмеген екі жағын мүйізгек басқан алақанымен алма– кезек сипалап, мазасыздау күй кешеді. Қ.Жиен. ~ Жігіт көкірегі шым– шым сыздап, көзін бір нүктеге қадаған күйі мелшиіп отырды да қойды. С.Ас.
