Posted in

БІР ОШАРЛЫ ЖАН

Бірталай адам.~ Бірнеше күн жоқ болып кеткен әкесі бір ошарлы жанды көшіріп келді, шешесінің айтуынша әр жерге шашырап кеткен туыстары екен, неге екені әкесі өздері зорға жан бағып жүрсе де, басқа жақтағы туыстарын жинап, солардың жағдайын жасауға әуес еді. Ә.Ыб. ~ Афанасийдің семьясы да ошарлы жан екен. Алдымен көзіме түскені балалары болды. Байқауымша он шақты бар–ау деймін. Өпел–жөпел өскен өңкей ұлдардың алды он жасар шамасы да, арты әлі қаратабан, жалаң бұт, жығылып–тұрып күресінде шапқылап жүрді. Қ.Ысқ.