Ештеңеге тимеді, зәредей зат алған жоқ; біреудікіне көз алартпады. ~ Қалайы бар… Қызығын қарап қой сен әуелі. Сабақ жіп алмапты. Екі жәшік арақты жерге соғып қиратыпты да, тайып отырыпты. М.Қаб. ~ Сонда-ау… Бекзат үйсіз қалмай ма. Жоқ, ол болмайды. Бекзат барда ол үйден бір сабақ жіп алмайды. Н.Дәу. ~ Ол курорттан келгеннен кейін Жәмиламен біржолата айырылған. Үйін, дүние-мүлкін бір сабақ жібін алмай, Жәмила мен балаларына қалдырған. І.Ес.~ Үйінен сабақты жіп алмапты, «бәрі серінің өзі барындағыдай тұрсын» депті десер еді, ауылдағылар. Б.Қыд.
