Орыны бөлек; жөні басқа деген мағынада. * Николай бір сәрі екен ғой деген де болды. Ж.Айм. * Метр болса бір сәрі, Кейде маған, Жетпейтіні — бір сүйем, елі ғана! Қ-М.Әли * Тәтті нанның жұмсағы. Болмай қалса – ұрсады. Есебінің бір саны. Жетпей қалса – ұрсады. Үлкен болса бір сәрі, Құп-құттай боп ұрсады. Б.Кір. * Көктем шығар-шықпаста басталған науқан болса бiр сәрi, жер тырмалап, қап түбiндегi қалған-құтқанды сепсе де, өлмес күннiң қаракетiне кiрiсер едi ғой. Т.Сәу.
