Posted in

БІР СӨЗДІ

Айтқанында тұратын адам. ~ Нағашымның аты — Абыл. Өзі келісті, аласа бойлы, ақ сары өңді, жылқы тіс, жирен қапа сақалды, шапшаң, жүрдек кісі екен. Мінезі — мерт. Өте әділ, бір сөзді, сыншыл адам болған. Айырықша қасиеті — құралайды көзге атқан мерген. Ү.Жлк. ~ Сонда – менің лекциям машинкаға басқанда отыз екі бет шығыпты да, Белгілінікі – дəлме– дəл төрт бет болыпты. Əлі сол шоқырағыңнан жазбапсың– ау, жарықтығым. Еркек бір сөзді болуы керек қой! – деп езуін кере əзіл айтқан болды Бегей. З.Қаб.