Posted in

БІР ТАРЫНЫҢ ҚАУЫЗЫНА СЫЙҒЫЗДЫ

Қырып-жойып, жаныштады, озбырлық көрсетті, басына әңгір таяқ ойнатты, ~ Он жетінші жылғы төңкерістен кейін екі жылдай аумалы-төкпелі заман болды ғой. Айғырдай азынап ақтар келді. Елді қырып-жойып бір тарының қауызына сыйғызды. Барғанынан келмесін, жатқан жерінен тұрмасын. Аты өшсін!.. С.Ом. ~ Дайрабай туыстарын сәскеге шейін күтті. Бір үйге кіреді, бір далаға шығады. Ауылдағы үлкен-кішіні бір тарының қауызына сыиғызып, бидайықтай қуырды. З.Шүк. ~ Әйтсе де сол жылы күзгі санақта әр жүз саулыққа 130 қозы ергізіп, көш бастап, Ленин орденімен наградталдым. Бірақ, қарақтарым, бастық біткеннің бәрін бір тарының қауызына сыйғызып, даттауға болмайды. Ж. Сәд.