Сүрініп-қабынып, асығып-үсігіп, жаны шығып. ~ Сол кезде біреу шықты есік ашып, Өлген кісі сықылды қаны қашып. Белі именген, көзінің оты сөнген, Бір тұрып, бір жығылып азар басып. Шәк. ~ Не де болса анау мейрімсіз ажалдай төніп келгендерді ұлының үстінен бұрып әкетіп, өз жанын оққа тосып барады. Аяғынан әл кетті ме, бір тұрып, бір жығылып жүгіріп келеді. С.См. ~ Бірде сәтсіздікке ұшыраса, бірде балаша мәз болып қуанып, бірде жыласа, бірде жұбанып, бір жығылып, бір тұрып тек талмастан алға қарай ұмтылып, бір сәтке де тоқтап, аялдамастан белгісіздікке қарай ақырын аяңдай береді. Ү.Жлк.
