Posted in

БІР ШАЙНАМ МИЫ ЖОҚ

Топас, миғұла, есалаң. ~ Әй, қатынмен ұстасқан еркектің күні құрысын. Бір шайнам миы болмаса, атөтті нәрсеге бола жау шаптылап жатып алама?… С.См ~ – Өлетін бала молаға қашады, – деп Нұртаза даланы басына көтере гүжілдеді Ес болса, бір шайнам ақыл болса басында, жай жатқан елге кеп соқтығар ма. Елде ала алмай жүрген не өшің бар еді? Қойға тиген бөрідей тыныш елдің үстіне сойыл ойнатып сен кім едің?! Қ.Ысқ.