Көлемі кішкентай ғана, тым майда. ~ Тек, қызғылтым арай шалмаған бір шөкім ұлпа қарауытып, бұлардан алыстап, артта қалып қойды. Орнынан жылжымайды. Ш.Мұр. ~ Жантемір бірдеңені сезгендей көкке басын көтерді. Онда ғажайып бір шайқас жүріп жатыр. Кенет ай шетіне әлдеқайдан адасқан бір шөкім бұлт тұмсық тіреді. М.Кәр. ~ Кісіден кісі. Түбімізге мейман жететін болды. Осы үйде қазір бір шөкім шай да қалмады,— дегенін Елеусіздің құлағы шалып қалды. Т.Әл.
