Posted in

БІР ЫСЫП, БІР СУЫДЫ

Әлдебір ыстық сезімнен күйіп-жанды. ~ Баяхметтің танауына бір жағымды иіс соғып өтті. Естен шығып бара жатқан таныс иіс — жас әйелдің иісі… Солақ екен, денесі бір ысып, бір суып, жүрегі де атқақтап қатты соғып кетті. Қ.Жұм. ~ Құлтай қыздың ақ сазандай бұлықсыған жалаңаш балтырларына қарап, бір сәтке сілейді де қалды. Көзінің алды бұлдырап кеткендй болды. Тамағы да жұтындырмай, тұла бойы бір ысып, бір суып басылды. С.Ас. ~ Дөңгелек шіліктің ішіне кіре бергенде, Махмұттың денесі бір ысып, бір суыды. Буын– буыны қалтырап, иек– иегіне тимей сақылдап кетті. О.Бөк.