Қаз-қатар ғұмыр кешті, жақсы-жаманды бірге өткерді. ~ Аз күн бірге жасадым, Сен болсаң өрлеп тасамын. Қасірет шегіп мен қалдым, Қайғымды қайтіп басамын? “Нұрғазарын”. ~ Гүлбаһрам сонда зарлады, Көзінің жасын парлады: – Аман бол, қалқам Қасенім, Елу күн бірге жасадың. Тірі қалды демесең, Өлгенге бүгін ұқсадым. “Нұрғазарын”. ~ Ақан серіні көп заман қызықтап, онымен бала күнінен бірге жасасқан Қоқыштың (1927), Жауардың, Құлыштың (1959), тағы өзге қарттардың айтуынша, Көкшетау қазағында Ақан серідей ешкім әдемі киінбеген. Ә.Марғ. ~ Міне, содан бері қарай сен, қара талқан, менімен ылғи да серіктесіп, бірге жасап келесің. Қайда барсам айрылмас досымсың. Мен міне деп, жарқырап алдымнан шығасың. Б.Соқ.
