Бірде достасып, бірде қастасты. ~ Өзгеден бұрын Шұбар сез қатты: — Бұлар — Тәкежанның көршісі. Бірде тату, бірде араз көрші сыбайластың әдеті емес пе? Сол Тәкежанның өзіне жіберсеңіз жетпей ме! М.Әу. ~ Керей мен Тобықтының арасында өміріне шешілмей жатқан қашаннан қатты түйіншек бар. Жапсар екі ел бірде тату, бірде араз болып барымталасады да жатады. Керей Демесін Ыбырайды байлайтүннан кейін бұл екі елдің арасы тіпті қағынып кеткен. Сөз ұшығып, бітімсіз сүреңге айналған кезі еді. І.Жан. ~ Бірнәрсе айтатын сияқты. Абай осыны аңғарып, анасының жүзіне қарағанда, Ұлжан бұған біраз көз салып тұрып: – Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. «Күндестің күлі күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. М.Әу.
