Posted in

БІРДЕ ТҮЙЕ (БИЕ), БІРДЕ БИЕ (ТҮЙЕ)

Мінезі сан құбылған, тұрақсыз. ~ Бұл кісінің көңіл-күйінің тез өзгеретінін, бірде түйе, бірде бие болып шыға келуі оп-оңай шаруа екенін кешелі бері аңғара бастағандаймыз. О.Сәрс. * Қырықтан асқан кәрi қыздың бабын таппақ түгiлi, өз отының түтiнiн қай жақтан шығарарын бiлмей жүргенде, бiрде бие, бiрде түйе әйел мiнезiн қайдан танып бiлсiн-ау бұл Димашың?! Ш.Құм. * Осындайды желеу етіп, өз бастықтарыңа да ниет білдіріп қою қажет. Жұмыста не болмайды: бірде түйе, бірде бие. М.Қаб.