Posted in

БІРДЕН БІРГЕ КӨШТІ

Жиі өзгерді, ауысты. ~ Қолымда қалам. Алдымда қағаз… Ел ұйқыда. Мен ояу. Отырмын. Екіні, үшті соқты… əлі отырмын. «Переброскеге» ұшыраған Н. жолдасшылап ойым байыз таппайды, бірден бірге көшеді. Ж.Айм. ~ «Мұғалім Сәни» әліппесі бірден бірге көшіп, ернеуі бүктеліп, түте-түте болып, жыртылып, кірленіп қалған. Мұғалім кітапты саусақпен түртіп «кірлетіп оқымаңдар, таза ұстаңдар» дегеннен кейін, балалардың барлығы да, ауыл шәкірттеріндегі дағдыны қолданып, қағаздан әріп нұсқағыш істеп алып еді. М.Дәу. ~ Ильястың ақталып, шығармалары енді ғана бұрқырап шыға бастаған кез, сонда да зиялы қауымның қолына кітап жетпей бірден бірге, үйден үйге көшіп жүрді. Қ.Ысқ.