Бұған (бұларға) не болған, есі дұрыс па д.м. * Председатель мүлдем жарылып кете жаздады: – Саған бүгін бірдеңе көрінген шығар! Өзіңнің есің дұрыс па? “Күлісің” не?.. – деп ежірейсін. О.Сәрс. ~ Қызыл фескасын түзеп киген Әшімхан қалғандарына қарап: – Мына мұғалімдерге бірдеңе көрінейін деген шығар. Оқушыларды кешкі сеансқа жібермейтін бопты. Жат жұрттың фильмі жас жеткіншекке дұрыс тәрбие бермейтін көрінеді. К.Хам. ~ Генерал Чернов ызалана мырс етті. Осы халыққа бірдеңе көрінген шығар. Нелер заманнан бері қаннен–қаперсіз келген халык баяғыдан бергі шеккен қорлық, зорлығын жаңа сезгендей. Ә.Нұрп.
