Біреуге бұлданып орынсыз өкпе, реніш білдіру туралы. ~ Ал оныңыз салған жерден тұлданып, бір нәрсесін өткізіп қойғадай, өзіңе қарай қарсы шабуылдайды. Қ.Жиен. ~ Жатақханаға… – деді ол маған бірдеңесін өткізіп қойғандай қабағын шытып. – Сен енді мынаны түсіріп бермейсің бе? Ә.Нұрш. ~ «Маған бірдеңесін өткізіп қойғандай қайтеді, ей?» Күлімсіреген болды. М.Қаб. ~ Құттыханасында жан шақырайын десе, тағы маза бермейді жора-жолдас, ағайын-туыс. Шетінен міндетсіп кие-жарады. Тап бір, бірдеңесін өткізіп қойғандай?! Ө.Кәр.
