Шаруасын ұқыпты жүргізіп, игілігін арттырды. ~ Қызара бөрткен Қытан осы жолы шын жүректен ақтарылған мақтанышпен: — Міне, бірді екі, екіні сегіз еткен жас қайраттар!— деді. М.Қаб. ~ Көп түкірсе, көл деген. Бір басына жетерлік берекені Секен, міне осылай жасайтын тәрізді. Бірді екі, екіні үш ете біледі. Б.Соқ. ~ Олардың айтуынша, көкем қоңызға да қиянат ойламайтын өз ісіне берік, момын да (көшедегі ең үлгілі еркек), мамам бірді екіге жеткізетін пысық әйел (әттең шайпаулау, әйтпесе…) М.Қаб.
