Posted in

БІРЕУ БОЛМАСА БІРЕУ

Бір адамның істемегенін басқа бір адам істеуі мүмкін д.м. ~ Белгі біреу-ақ, сізге келгенде мына белбеудің оң жағында тұратын құты, оқшантай, қыны сол жағында тұрады.
— Кісесі ше? — Белбеулерінде кісе болмайды. Жас жігіттерге келіспейді. Біреу болмаса біреу сезіп қалуы мүмкін. І.Ес. ~ Қазір заң билеген патша заманы кірді ауылымызға. Егер жерімді даулаймын деп, көрінгенге барып аптығар болсаң, біреу болмаса біреу: “ақ патсаның сиясатына қарсы, патса ағзамына қарсы понт шығарып жүр”, – деп түртіп жіберуден тайынбайды. С.Жүн.