Ел қатарлы; қарабайыр (тірлік). * Сергіп қалды, пендешілік тіршілікті ұмытып: «мейлі де, қорықшы болмағанда аштан өлер деймісің. Біреуден ілгері, біреуден кейін боп ғұмыр кешемін. Д.Дос. * Бір бөлмелі үйде біреуден ілгері, біреуден кейін күн кешіп жатыр. Қ.Түм. * Оның арманы өз арманымен төркіндес сияқты. Сабағы да шүкір, біреуден ілгері, біреуден кейін. К.Қаз.
