Жанын қинаған қайғы-дерт іш құса қылды. * Бұл, әсілі, «есің бар болса, қызметтен өзің сұранып кет» дегенді білдіреді. Бүйтіп бітеу жарадай сыздағаннан айқайласып ұрысқан көп жақсы… Қ.Жұм. * Раушан бұған ешуақытта дәл солай таңырқай сүйсіне, беріле қараған емес қой. Енді тағы да сонау күнгі Мұраттың көзқарасынан туған өзін қорсыну сезімі бітеу жарадай сыздап қоя берді. Т.Ахт. * Мүмкін, ол көмекшісіз де күнімді көрем дейтін шығар. Ондай ойы болса, бітеу жарадай сызданбай, «керегің жоқ, кете бер» демей ме? Д.Әш.
