Posted in

БІТЕУ КЕУДЕ

Сезімсіз, ойсыз, құр көкірек. ~ Енді аңдып қарасаң, құр ғана бітеу кеуде, надан емес. Барып тұрған өздері айтатын фитнәи-ғалам – презренные мира, – деп, Абай жаңағы араб сөзін Әбішке әдейі орысшалап жеткізді. М.Әу. ~ Бірі тыңдамаса, бірі тыңдар. Шетінен бітеу кеуде, меңіреу көкірек емес шығар ол дөкей азаматтар да. С.См. ~ Мені өмірге тау тұлға тіреу көрме, Жұрттың бәрі бұл күнде бітеу кеуде. Р.Нияз.