Ешқашан ымыраға келмейтін, өмірлік дұшпан; ата жау. * Мен Шың Шысаймен өмір-бақи отаса алмаймын.Ол –екі дүниеде де бітіспес жауым. Ж.Шәк. ~ Дүние байлықтың бір пұшпағынан тартсаң, келесі пұшпағы жыртылады. Мұның үстіне шетел жаулары арандатып, алауыздық өртін, тұтатып билік басындағылар мен халықты бір–біріне қайшыластырып, бітіспес жау еткісі келеді. Д.Дос. ~ Іс тоқтағанмен, күл астында қоз қалған, жабулы қазан астында араздықтың, бітіспес жаулықтың шұбар жыланы қалған. Ә.Тар.
