Кіжінді, зәрін төкті. ~ Үйдің ішін олай бір, бұлай бір шарқ ұрып іздеді. Күнікей ұшты-күйлі жоқ. Тұяқ тамсанып, таңдайын қағып, боғын пышақтап іздей тұрсын, біз Күнікейдің ізіне түсейік. Ж.Айм. ~ Рас айтпағанда. Ана қайның ба, қайнағаң ба, Биекелеріңді айтам, боғын пышақтап отыр. Кеңес өкіметі орнамай тұрғанда бұл қаншықтың көзін неге құртпадым дейді. К.Қазыб. ~ Өй, зәнталақ, зер қараймай зылқыны таудан қуып түшкенің қалай? — деп тәлтие қалғаны. — Прабляющи боғын пышақтап жатыр! Қ.Ысқ.
