Науқастың өлер алдында ақтық ширығуы. * Бүгін болмаса, ертең өлуге көзің жетіп отырса, елден, жұрттан, туған-туысқаннан күдерді үзсек, бізді жан екен деп, аяйтын адам баласы болмаса, біз қара таласпағанда, біз бой жасамағанда, біз кісі өлтіріп, біз қыз алып қашпағанда, кім бұларды қылмақ? Ж.Айм. * Айғанымның бұл қылықтары – бой жасау ғана болып шықты. Былайша тып – тың жатқан ол, «келіп қалды, келін-балаң!» деп әлдекім бөлмесіне шүйінші сұрап бас сұға бергенде, көзін төңкере кеп ашып, қайта қатты жұмды да, демін ышқына алды… Бұл Айғанымның ақтық демі екен. C.Мұқ. * Тіршіліктің етекбастылығынан Ақаңның соңғы бой жасаған амандығын алып, соңғы рет еркелей алмағаным өкінішті. Т.Жұрт. ~ Таң анық атқан жоқ. Айдың аяққы қараңғысы. Таң алдына шейін талықсып келіп, бой жасаған өлетін адамның көзіндей ажарланып бағжиған жұлдыздар жерді албастыдай басып тұрған меңіреу қараңғылыққа әр жерден өштесіп, өжеттенгендей. І.Жан. * Бұл сергектігі, тегі, оған азғана уақытқа ғажап қуат берген соңғы бой жасауы болса керек, өйткені сосын ол кенет үзіліп кеткен-ді… Ф.Дост.
