Кәмелетке толып, есейіп қалған қыз бала туралы. ~ Енді бұрынғыдан бетер оның көзінен жасы ытқып–ытқып кетті. Мәз–мейрам боп бой жетіп қалған Жұлдызды сол кездегі жас бөбегіндей баурына басты. Әлсін–әлсін қысты. І.Ес. ~ Баяғыда көріп едім дегенмен, адам өзгеріп кете береді екен. Қыз бой жетіпті. Бой жеткендігі болар, тіпті әдемі болып кетіпті. Тоқтастың өзі де айран–асыр қалды. Т.Нұр.
