Posted in

БОЙ ЖЫЛЫТТЫ

а). Жүрекке мейір қосты, толғандырды. ~ Қатып қалған көзімде бір тамшы жас, Төгілмей ме, бой жылып, о да ерісе?.. Абай. ~ Құтылар күн бар ма екен бұл қырсықтан Осыны оятуға оқталдым-ау, Албытқан жындымын ба, жүрек жұтқан?.. Қыз емес, мұз ғой түсі қырауытқан, Қай жері қызықтырып бой жылытқан? І.Ес. ~ “Ыссы тары көженің де буы бар” деп менің Қамбар досым айтып отырушы еді, ал тазалықтың, адалдықтың буы ой қозғайды, бой жылытады. Көңіл сергітеді. С.См.
ә) Жылынды. ~ Зағира шынында да құлазып отыр екен, жалғыздықтан емес, даладағы біздің уайымнан. Бел шешіп, бой жылытып, бір түней сала, артық-ауыс жылы киімдерді қанжығаға бөктере байлап, кері салдым. М.Мағ.