Posted in

БОЙ КӨРСЕТТІ

Жұрт көзіне түсті. * Тазармас қарасу да жатқан ақпай. Артықтан тағлым алып, кемпе үйретпей, Жүруің лайық па ғақыл таппай. Сен неге бой көрсетпей жасқанасың? М.Дул.* Анда-санда жұрт көзінен тасалау шеткері оңашалау соқпақтарға түсіп, сейіл құрғанда, ағаш арасынан жылтың-жылтың сығалап бой көрсетіп қалатын еліктер мен тарғыл бұғылар да … әдейі бұның әр адымын аңдып тұратындай боп көрінеді. Ә.Кек. * … әлі де базар ішінде бой көрсетіп жүре тұрғысы келген ниетінен қайтып, Ботпай шайхана жаққа бұрылды. О.Сәрс.