Posted in

БОЙ ТЕҢЕСТІ (ТЕҢЕСТІРДІ, ТЕҢЕДІ)

Бой таластырды, сынасты, бәсекелесті. ~ Күн еңкейіп, Көлеңкелер кешкілік, Ұзарғанда Бой теңесіп, шеп құрып Ескерткіштер ел кезетін сияқты Елес қуып… Б.Әлім. ~ Сендердің бәріңнен де ол жоғары тұрған жоқ па еді? Сендердің араларыңда онымен бой теңестіре алатын, немен болсын шендесе алар біреуің бар ма еді? Ч.Дик. ~ Алдамшы өмір, мен өзіңе алданумен ұрландым, Ұрланған соң, ұмытылам қабатында жылдардың. Әлемдегі биіктермен таласатын бой теңеп, Шың басына алып шығар шын өмірден құр қалдым, шырмалдым… Қ.Бұғ. ~ Ұлттық шеңберден көтеріліп, әлемдік әдебиеттің алыптарымен бой теңестірді. Оны ауыз жүзінде немесе бақай қулықпен емес маңдай тер, табан етімен іске асыруды көздеді. Ж.Шәк.

Қатарласты, теңесті. ~ Ұлттық шеңберден көтеріліп, әлемдік әдебиеттің алыптарымен бой теңестірді. Оны ауыз жүзінде немесе бақай қулықпен емес маңдай тер, табан етімен іске асыруды көздеді. Ж.Шәк. ~ Ұзынды-қысқалы бірер жас айырмамыз болмаса, бой теңестіріп, бір-бірімізді аласартпай, студенттердің тауып берген псевдонимін жатырқамай-ақ жұтып қойдық-ау деймін. Қ.Ысқ.