Posted in

БОЙ ТОҚТАТТЫ

Сабыр етті, өзін-өзі тежеді, жүрегін басты. ~ Әй, қорықпа, бері кел, өзіміздің Күреңбай екен, молаға түнеп жатқан. − Расында да, зәрем ұшты. Біләлдың даусы еркін шыққанда барып шамалы жүрегім дауалап, бой тоқтатып алдым да, молаға кірдім,- деп Сәрсенбай қорқақтығын мойындап қалды. Ж.Айм. ~ Кемсеңдеп жылай бастады да, бой тоқтатып, бекіне қойды. ─ Біздің өміріміздегі өзгерістерді байғұс қайдан білсін… С.Ом. ~ Қанипа бой тоқтатып, іштей бекініп алды. Мылтығын сарайдың босағасына сүйеп қойды. С.Ом.