Аяқ басты, енді; тереңдей түсті. ~ Әлде, аурудан тұрғандығы ма? Немесе соңғы уақыттар көңілінен кешкен ауыр сезім, терең азап салдары ма? Әлде, тіпті балалық өтіп, үлкендікке қарай бой ұрғандығы ма? М.Әу. ~ Күй дегеніміз – қыл ішектің әткеншегінде асылып ойнап, қылаң ұра асыр салған жастық шақтың жалыны, болашаққа бой ұрған талаптының арыны … Ғ.Біл. ~ Қайғы-қасірет пе, сағыныш па, әлде белгісіз арманға бой ұрған елігу ме әйтеуір көңілі қаяу. Т.Ахт.
