Денесіне тарап кетті, бүкіл қан тамыры жүйесін қуалап кетті. ~ Балдырған көк жапырақты көк-өрім тал. Көкорай шалғын. Көк иірім мөлдір су. Көк торғын аспан. Жер де, аспан да — бәрі де көкпеңбек. Ауа толған жаздың дымқыл жас жұпар иісі бойды алады. С.Сей. ~ Әңгімені енді бір-біріне өздері айтуда. Бойды алған арақ пен сыраның күші енді олардың еркін әңгімесіне тиек болды. К. Өтж. ~ …Олар таң ата жүріп кетті. Соқыр ізбен шоқыта желіп келеді. Жай аяңдауға күн аяз, суық жел бойды алып барады. Б.Тоғ.
