Posted in

БОЙДЫ ШЫМЫРЛАТТЫ

Тебірентті, толғандырды, көңілді босатты. ~ Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Абай. ~ … кемерді кенерлеген көгілжім мұнар жұқа әм үлпілдек шілтер сынды діріл қағып тұр. Кенет… тү–у биік – тұңғиық аспаннан тыраулаған мұңлы үн талып естілді: «қирлу–қирлу…». Байсал тыныштықты шылпара еткен әсем әуен бойды шымырлатсын. Ж.Шағ. ~ Зер салып тыңдасаңыз, көкірегіне зорға сыйып тұрған іңкәр сағыныштың тұла бойды шымырлата қайнатып, ғұмыры тарамайтын, тарқамайтын махаббатқа айналғанын пайымдар едіңіз. С.См.