Posted in

БОЙКҮЙЕЗ ТІРШІЛІК

Енжарлық, немкеттілік билеген тірлік. ~ Кайда кеткен сәттерім дауылдаған, тымырсықта күн кешу ауыр маған! Бей-жай күндер, бойкүйез тіршіліктен жіңішкерген жүйкені сан улағам. Ф.Оң. ~ Олардың қимылы әлгіндегі келіншектерден де кербез, паң. Асығыс қимылдап, аптығып жүрген ешкім жоқ. Осынша бойкүйез тіршілікте дау болуы, далаба болуы еш мүмкін емес сияқты. Ә.Кек.