Іші-бауыры елжіреп, маужыр күйге түсті. ~ Бақташының бойы балбырап, ойы бозбала шағына сапар шегеді. Өмірінің тәтті бір кезі. Тәттінің көп тұрмайтыны сияқты лезде өте шыққан бір заман. Көкірегінде көмулі жатқан бір арман. Ш.Мұр. ~ Сәл өтпей-ақ ептеп, тәбетi де ашылғандай сыңайы байқалды. Кешеден берi жоғалған аузының дәмi де қайта кiргендей сезiндi. Арқасының құрыс-тырысы да жазылып, бойы балбырай байсал тарта бердi. Ә.Ыб. ~ Сосын: “Мұны көрсеткеніңе де мың да бір шүкіршілік”, – деді тағы да. О кезде әлгі нобай да тыйыла қалғандай еді, шаршап кеп жұмсақ төсекке құлай кеткендей тұла бойы балбырап, бұрын-соңды сезінген жұмбақ бір күйге тап болған сияқты. Қ.Най.
