Posted in

БОЙЫН АУЛАҚҚА (АУЛАҚ) САЛДЫ (ҰСТАДЫ)

Бөлектенді, бөлінді, жақын тартпады, жат санады; алыстап кетті, қашқақтады, жақындағысы келмеді.. ~ Кейбір оқығандарда қара халықтан бойын аулаққа салғысы келіп, қызыққа, салтанатқа салынғысы келетін салқындық, ірілік мінездердің ұшығы сезіледі. Ж.Айм. ~ Бике əйелдерге тілі тие берген соң, олар да Бикеден бойын аулаққа салуға айналды. Бірнеше күннен кейін, қанды көз кіргенде, қанжарын əзірлеп қоюды ұмытты. Ж.Айм. ~ Алғашқыда әйелім шал-кемпірден бойын аулаққа салып, ыдыс-аяғын араластырмай жүрді. Біраздан кейін ол да мұрнынан шаншылып, сабақтан бас көтере алған жоқ. Б.Тоғ. ~ Сонымен бірге қазіргі пәлелі қоғамнан бойын аулақ салу, ауылдастарынан түңілу, безіну де жоқ емес. Қ.Жұм. ~ Егер өз белінен шыққан бала шынымен шалқақтап бойын аулақ салар болса, бұл ерегіскенде бойындағы барын орыс-кәріс демей – оңтайы келгенге тастап кетуден тайынбайды. О.Сәрс. ~ Өзіне сеніп тапсырған қызмет үшін неден аянды бұл? Тіпті туған шешеден де, жақын бауыр ағайыннан да бойын аулақ ұстады ғой. Ө.Ахм.