Posted in

БОЙЫНА АС БАТПАЙДЫ

Бірдеңеге алаңдап, мазасы кетіп, жаны тыныш таппайды. ~ Әсiресе бiреудi қолға алып, қағытып, мысқыл ажуа қып отырмаса, бойына ас батпайтын. М.Әу. ~ Осы сөзді Жігітектің сол ауылдары сөйлеп отыр ма? Жоқ, әлде, басына бәле бұлты оралып жүрмесе, бойына ас батпайтын Базаралы құтыртып отыр ма? М.Әу. ~ Домалақ арыз ағылады–ай келіп, арызды оқып жатқан ұлық болмаса да, қайран қазекең арыз жазып қалуды парыз санайды. Ол болмаса басы ауыратындай көрінеді, бойына ас батпайтындай көрінеді, ұйқысы шала, күлкі жоқ, есі–дерті айбақтатып арыз жазсам дейді, баяғы. Б.Мом.